Славян жазуы мен мәдениеті күні

«Қоғамдық келісім» КММ  славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған «Өз тамырың  мен бастауыңды ұмытпа…» атты тақырыптық кездесу өтті.

Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г. Дементьева, этномәдени бірлестіктердің басшылары, Көкшетау және Ақмола епархиясының, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасының өкілдері, ҚХАА журналистер клубының мүшелері қатысты.

Ұйымдастырушылар – «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ, «Чуваш этномәдени орталығы» ҚБ, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола филиалы.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Раисов А. М. славян жазуы мен мәдениеті күні қазіргі заманғы адам өміріндегі рухани және адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын тағы бір рет еске алуға мүмкіндік беретінін маңызды мейрам, ал кітап – ақпараттың басты көзі, білім мен жинақталған адами тәжірибенің қоймасы екенін атап өтті.

ҚР Парламентінің депутаты Дементьева Н. Г., протоиерей Валерий Анферов, «Русская песня» халық ансамблінің жетекшісі Авилова З. Н.,  Ш. Уалиханов атындағы КМУ орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасының аға оқытушысы Тимофеева О.Н., Артеменко А. А. басқалары славян жазуының негізінде ағайынды Кирилл мен Мифодий құрған кирилл алфавиті жатқандығын, ол орыс жазуы мен мәдениетін дамытуға мүмкіндік беріп, бүгінде кітап пен ән өнері  әрбірімізге білімді, мәдениетті адам болуға көмектесе отырып, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратындығын, ал орыс тілі түрлі этнос өкілдерінің қарым-қатынас тілі бола ретінде, Қазақстан этностарының бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауына, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіне мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.

Іс-шара православ шіркеуі аумағына ағаш отырғызумен аяқталды.