Степногорск қаласына шығармашылық десант
Республика күні қарсаңында ҚХА «Ел бірлігі» жобасы аясында Рафаил Сулькарнаев бастаған «Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі» ҚБ делегациясы Степногорск қаласында болды.
Қалалық Достық және шығармашылық үйінде мерекелік концерт өтті, онда «Ғалиябану» халықтық вокалдық ансамблі «Юлдаш» татар-башқұрт орталығымен бірлесіп өнер көрсетті.
Концерт бағдарламасында қазақ, татар және орыс тілдерінде әндер шырқалды, сондай-ақ өз өнерін көрермендерге би топтары ұсынды.