Отты жылдар әндері

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында 5 мамырда Достық үйінде «Отты жылдар әндері» атты концерт өтті.

Осы шараны «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ және «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола филиалы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырды.

Концерт басталар алдында «Жеңіс лентасы» патриоттық акциясы аясында келушілерге лента тағылды. Халық ұжымдарының орындауында соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Әр композиция осы күні Достық үйінің мәжіліс залын толтырған көрермендердің жылы лебіздерімен мақұлданды.