«Мемлекеттік тіл-менің тілім» конкурсы

29 сәуірде «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола өкілдігі Көкшетау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімімен бірлесіп, мемлекеттік тілді білуге арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» конкурсын өткізді.

Бұл байқауға әскери бөлімнің әскери қызметшілері қатысты. Жеңімпаздар бірнеше кезеңнен тұратын байқауда анықталды.

Әскери қызметшілер алдында «Манас» қырғыз этномәдени орталығының би тобы өз өнерін көрсетті.

Қорытындысы бойынша республикалық конкурста осы әскери бөлімнің атынан қатысатын жеңімпаздар анықталды.