«Бейбітшілік пен келісім жолымен» Ақмола өңірінде

2023 жылдың 21 қарашасында Ақмола өңіріне «Бейбітшілік пен келісім жолымен» Қазақстан халқы Ассамблеясының халық экспедициясының делегаттармынен бір қатар іс-шаралар өтті.
Делегация құрамында: Астана қаласы «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ филиалының төрағасы Пириев Аскер Аллавердиевич, М. Қозыбаев атындағы СҚУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Гривенная Людмила Александровна, Тараз қ. №26 мектеп директоры Леоненко Тарас Викторович, «Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығы» ЗТБ Президенті, тренер-медиатор Кенжеқұлова Дана Ақәділқызы, БАҚ түсінігі және ақпараттық сауаттылық 21 ғасырдағы маңызы бойынша тренер Жәпек Мейрамхан Сағынқызы, Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернетте сөз бостандығы бойынша тренер Голубцова Татьяна Александровна.
Достық үйінде өткен кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Нұғманов ашып, жиналғандар алдында жоғарыда аталып өткен спикерлер сөз сөйледі. Оған қоса кездесу «ENKI» ЖШС жұмыс ұжымымен де өтті.
Экспедиция қатысушылары Зеренді ауданы Қазақстан ауылында орналасқан «Уәли хан» кесенесіне барып, өңір жастарына арналған А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде және «Арна» колледжінде «ХХІ ғасырдағы маңызды жұмсақ дағды ретінде медиа және ақпараттық сауаттылық ұғымы» және «БАҚ пен интернеттегі сөз бостандығы мен араздық тілі» тақырыбында оқыту іс-шараларын өткізді.