Біржан сал ауданында Аналар кеңесі ашылды
Біржан сал ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ауданда Аналар кеңесінің ашылуының салтанатты рәсімі өтті. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова құттықтау сөз сөйлеп, ақ тілегін жаудырды. Отбасы құндылығы, ене мен келін, ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынасты қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы негізінде тарқатып, аудан әкіміне «Аналар мейірімі» эмблемасын тарту етті.