Балаларға біріге қолдау жасайық!
Өткен сейсенбіде Көкшетау қаласының Достық үйінде орын алған «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясына қымбат емдеуді қажет ететін қос балаға қаржылай көмек көрсету үшін Ақмола облысы бизнес-құрылымдарының, этномәдени орталықтардың, Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері мен шақыртылған қонақтар жиналды.
Төрт жасар Даниял Айғожа үшін оған қойылған «5-ші дәрежелі шала туған кездегі ритинопатия» диагнозы, ал бес жасар Дастан Неғметжанов үшін «Церебральды сал ауруы, спастикалық тетрапарез, гиперкинез, соққылықты сезіну» диагнозы өте ауыр соққы болғаны рас. Бірақ, науқас балалардың аналары Дәурия Төлешова және Алмагүл Шайкенова үміттерін үзбей, өз ұлдарын емдетудің түрлі жолдарын қарастыруда. Осы орайда екеуі де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының көмегіне жүгінді.
Қоғамдық істерде белсенді Зере Қиықова жетекшілік ететін ҚХАА жанындағы Аналар кеңесі, көмек сұрай келген қос ананың қиыншылығына бейжай қарамай, балалардың емделуіне қаражат жинау мақсатында «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Іс-шара модераторы, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова : «Бүгінгі қайырымды іс-шараға, өзгенің басына түскен қиыншылыққа бейжай қарамайтын, жүректері мейірімді, жомарт, саналары таза азаматтар келді», – деген пікір білдірді. Шараға қатысушы жомарт жандардың ішінде «Аяла» ҚҚ басшысы (тоғыз ұлт өкілінен құралған, 39 жетім баланы бағып отырған әке) Серік Әкімбаев, «АП-Импэкс» ЖШС директоры Жұмабай Әміржанов, «Сейнур» ЖШС директоры Райхан Сейдалина, «Тыныс» АҚ директоры Қайрат Қалманбаев, «Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының » Ақмола облыстық филиалы ЗТБ» ҚБ төрағасы Геннадий Осиненко, ЭМБ басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері болды.
Қайырымдылық акциясының қатысушылары, мүгедек-баласын емдету үшін өз баспанасын сатуға мәжбүр болып, қиын жағдайға түскен ананың мәселесі де назардан тыс қалмайтындығын айтты. Әйелге кем дегенде қолжетімді уақытша тұрғын үй бөлу туралы ресми билікке өтініш жасау туралы шешім қабылдады.
Іс-шара барысында 700 мың. теңгеден астам сомма мөлшерінде қаржы жиналды. Есептік комиссия мүшелері жиналған қаражатты Даниял Айғожа мен Дастан Неғметжановтың денсаулықтарын жақсартып, емделулері үшін тең бөліп берді.