Жолдау талқыланды

Өткен жексенбіде «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» РҚБ Ақмола филиалының мүшелері Бұқпа шоқысында таза ауада іс-шара өткізді.

Тутұғырдың жанындағы ашық алаңда қоғамдық ұйым мүшелері ҚР Конституциясы күнімен құттықтап, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. ОСКҰ төрағасы Г.В. Осиненко алғы сөз сөйлеп, Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіріп өтті.

Ұйымның мүшелері И.И. Громов, В.М. Мамонова және басқалар өз сөздерінде Мемлекет Басшысын қолдап, Жолдаудың мемлекеттік тілді дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық келісімді нығайтудағы рөлі, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге қатысты жекелеген тармақтарын іске асыру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Іс-шара ОСКҰ-ның шығармашылық ұжымдарының концертімен аяқталды, олардың орындауында қазақ, орыс және казак әндері шырқалды. Іс-шараға облыстық ішкі саясат басқармасының, Достық үйінің өкілдері қатысты.