Бөлім басшысы тағайындалды

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының бұйрығымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жобаларды іске асыру және құрылымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы болып А. Б. Сванкулова тағайындалды.

Әсел Боранбайқызы мамандығы бойынша саясаттанушы, тарихшы. «Аманат» партиясының түрлі құрылымдарында партиялық жұмыс атқарған тәжірбиелі маман. Соңғы екі жылда облыстық Достық үйінің талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.