Басшының орынбасары тағайындалды

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының бұйрығымен облыстық Достық үйі басшысының орынбасары болып А. Б. Нурмағанова тағайындалды.

Айгүл Бейсембаеваның мемлекеттік қызметте соның ішінде ішкі саясат және этносаралық қатынастар саласында үлкен тәжірибесі бар. Соңғы жұмыс орны – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жобаларды іске асыру және құрылымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы.