Аналар кеңесі «дөңгелек үстел» өткізді
«Қоғамдық келісім» сарайында бірлескен әрекет ету бағдарламасы аясында ҚХ Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және облыстық кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдастырған «Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-лардың кәмелеттік жасқа толмағандарды қайта әлеуметтендірудегі өзара іс-қимылы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараның басты міндеті – кәмелеттік жасқа толмағандарды жан-жақты қолдау. Кездесуді модератор, Ақмола облысының кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова ашып, басқосу ынтымақтастық туралы меморандумның әрекет ету күші шеңберінде өтіп жатқанын айтты.
ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. Мәселен білім беру ұйымдарында, ЖОО-да, өңірдің кітапханаларында 12 қыздар клубы ашылды. Клубтар туған өлкені сүюге, ұлтжандылыққа, өз халқының мәдениетіне құрмет көрсетуге, үй шаруашылығын жүргізуге, қолөнерге, ас әзірлеуге үйретеді. Онда қала мен аймақтың көрнекті қоғам қайраткерлері дәріс оқиды, кәсіпті ойланып барып таңдау, өмірде жетістікке жетудің негіздері бойынша шеберлік сыныптары, сонымен қатар тұлға деңгейіне өсу жөнінде семинар мен тренингтер өткізіледі. Мұнда да жасы үлкендерге және халық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға үйретеді.
Сонымен қатар Ақмола облысындағы жасөспірімдер қылмысының алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыс туралы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руслан Мұсаев айтып берсе, Ақмола облысының Білім басқармасының бас маманы Арай Әбенова «Балалар құқын қорғаудың шаралары туралы» баяндамасын оқыды. Жастармен жұмыс істеу тәжірибесімен жастар ресурстық орталығының маманы Маргарита Михайленко бөлісті.
Ақмола облысының поляктар бірлестігі төрағасының орынбасары Людмила Суховецкая жастармен болатын іс-шаралар жайлы әңгімелеп, поляктар бірлестігінің еріктілер клубының қызметін атап өтті.
«Дөңгелек үстелдің» жұмысы ұлттық бірегей-біркелкілікті қалыптастыру жолында отбасы құныдылықтарының рөлін арттыруға бағытталған жастармен одан әрі жоспарлы жұмыс істеуге арналған ұсынымдарды шығару және қызу талқылаумен аяқталды.