Әңгіме-сұхбат өткізілді
2024 жылдың 6 ақпанында Ақмола Ассамблеясы жанында құрылған Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, Әйелдер күштері Альянсының төрайымы Анаргүл Хайыржанқызы Мұхамедрахимованың қатысуымен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Кәсіпкерлік және қызмет көрсету» мамандығының студенттерімен «Еңбек адамы» идеясын насихаттау, үлкен жетістікке жеткен белгілі тұлғалармен жүздесу мақсатында кездесу өтті. Кездесу барысында – «Адал еңбек – өмір құндылығы», «Еңбекте ғана ұлы адам», «Қазіргі қоғамдағы еңбек адамы», «Менің жетістігім – менің жемісім» тақырыптарында әңмегі-сұхбат өткізілді.
Анаргүл Хаиржанқызы жас студенттерге Аналар кеңесі, әйелдер күші Альянсының жұмысын, көпбалалы аналардың мәселесі, кәсіпкер, сонымен қатар көп балалы ана екенін айтты. Кәсіпкерлік қызметінің, қажырлы еңбегінің арқасында көптеген жетістіктерге жеткенін де атап айтты. Кездесу барысында жастарды қиындыққа мойымай, тек алға ұмтылуға шақырды.
Студенттерден бірқатар ұсыныстар түсті. Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.