Инклюзивті қоғам – болашаққа бастар жол

16 қараша күні Достық үйінде «Инклюзивті қоғам – болашаққа бастар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Баяндамашы – Еремина Екатерина Константиновна. Семинарға ААНК жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Н.И.Сейдалина қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары ескерілетін және барлық мемлекеттік қызметтер мен мүмкіндіктерге кедергісіз тең қол жеткізуге мүмкіндік беретін инклюзивті қоғамда лайықты өмір сүру үшін жағдай жасауға жәрдемдесу. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға толерантты қатынасты қамтамасыз ету.