Романс кеші

Ағымдағы жылдың 5 ақпанда «Қоғамдық келісім» КММ-де «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола филиалының ұйымдастыруымен романс кеші өтті.

Романс-қоғамдық бірлестіктегі «Синегорье» вокалды топ мүшелерінің сүйікті музыкалық жанрларының бірі. Аталған іс-шараға Лаубаева, Татьяна Кулыгина, Оля Юрикова, Олеся Цыганова, Сәбит Шағатов, Анастасия Ушакова, Венера Хан деген жетекші солистер қатысты.

Олардың орындауында кеңес және орыс ақындары Б.Окуджава, М.Танич, Л.Дербенев, И.Бродский, С.Есенин, А. Фет. өлеңдеріне жазылған көне және заманауи романстар шырқалды.

Жүргізушісі Наталья Замолоцких қатысушылардың әр қойылымынан бұрын романстың пайда болу тарихы туралы айтты,одан кейін көрермендер мәтіннің мазмұнын және оның орындалуын тереңірек қабылдады. Зал әртістерді қолдап, олардың өнерін қошеметпен қарсы алды. Өз кезегінде көркемөнерпаздар әртістері де көрерменді тәнті етті, жанқиярлықпен, зор шабытпен ән шырқады.

Кеш соңында АРСК облыстық филиалының төрағасы Геннадий Осиненко сөз сөйледі, ол көрермендерге әртістерді қызу қолдағаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ вокалдық топтың солисі О. Юриковаға республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы В. К. Божко грамотасын табыс етті.