Алғыс айту күні
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Ақмола облысындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХАА жанындағы облыстық ҚКК мүшесі Назим Абыоглы Шихалиев және «Санги Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығының төрағасы Умар Файзудинович Шоназаров облыстық KO’KS’E (Қазақстан-Көкшетау) телеарнасының қызметкерлері үшін барлық этностың бір-біріне және ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында Қазақстанға жаппай жер аударылу уақытында әр түрлі этнос өкілдерін туғанындай қабылдаған және мейірімділік танытқан қазақтарға Алғыс айту күні туралы әңгіме құрды.
2018 жылы Алғыс айту күні Қазақстан Республикасының президенті Н.А. Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтарда жариялаған №173 жарлығына сәйкес, үшінші рет тойлануда.
Төрағалар мейрам қазақ халқының кеңпейіл, қонақжай және тілектес мінезінен бастау алатын салт-дәстүрлерге толы тарихтың бір бөлшегіне негізделгенін атап өтті. Сондай-ақ бейбітшілік пен келісім туралы президент саясаты арқасында Қазақстанда Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі құрылды. Оның негізі – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Олар 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні Алғыс айту күнін тойлау ерекше символдық мәнге ие екендігіне тоқталды.
Облыстық телевизияның режиссері Ерқаната Байболаттың домбыраның күмбірлеген үнімен барша жиналғандарды мерекемен құттықтауы өте әсерлі шықты. Кездесудің қонақтары үшін осындай тосын сый жасалды.