Ақмолалықтар «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумында

 

Павлодар қаласында қазақ тілін кеңінен насихаттау тақырыбына арналған «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ» деген атауымен форум өтті. Шараға Ақмола облысынан да өкілдер қатысты: Крючек Яна, Ж.Мусина атындағы Қазақ педагогикалық колледжінің студенті және Скорик Милана, Ақкөл агротехникалық колледжінің студенті. Олар Достық үйі жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының белсенді мүшелері.