Ақмолалықтар «Қазақстан жастары: Мемлекеттік тіл және қоғам» кеңесінде
6 қазан күні Павлодар қаласында «Казақстан жастары: Мемлекеттік тіл және қоғам» өңірлік семинар-кеңесі өтті.
Кеңес барысында мемлекеттік тіл саясатын жүргізу тәсілдері жан-жақты талқыланып, тілді үйрену, оны күнделікті өмірімізге еңгізудің тиімді жолдарын пайдалану туралы еліміздің белгілі ғалымдары және қоғам қайраткерлері өз ойларын ортаға салды.
Семинар жұмысына біздің облыстан Ақмола облысы ішкі саясат жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ–і басшысы Е.Б.Нұғыманов және Достық үйі жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту клубының белді мүшесі Генадий Вездецкий қатысты.