Облыс әкімі ҚХА мүшелеріне қызметтері үшін алғыс білдірді

А.ж. 28 сәуірінде Ақмола облысының әкімдігінде онлайн режимінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті, оған ҚХА Төрағасы Н. Ә. Назарбаев және Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев қатысты, сонымен қатар сессия жұмысына Ақмола облысынан Қазақстан халқы Ассамблеясының 13 мүшесі қатысты.

Сессия соңында облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Е. Б. Маржықпаев жиналғандарды келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтап, ҚХА мүшелеріне достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс айтып, оларға алғыс хаттар табыс етті.