Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне дәріс өткізді

Бүгін, 19 Наурыз – Жаңару күні деп аталуда. Наурызнаманың атаулы күніне орай Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне Ақмола ассамблеясының ғылыми-сараптамалық топ мүшелері идеологеманы сараптамалық түсіндіру форматында «Наурыз – еліміздің қазіргі тарихындағы жаңа саяси дәуірдің бастауы, ол толыққанды трансформациялардың басталуын белгіледі» атты дәріс өткізді.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға этносаралық қатынастар саласындағы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясат, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174 және 180 баптары бойынша жауапкершілік түсіндіріліп және этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың алдын алу жүргізілді.