«Этноfashion» байқауының төртінші күні
А.ж. 30 наурыз күні «Қоғамдық келісім» КММ «Этноfashion» ұлттық киім байқауының соңғы төртінші кезеңі өтті, оған Астрахан, Аршалы, Целиноград және Қорғалжын аудандарының өкілдері қатысты. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында іске асырылғанын атап өткен жөн.
«Этноfashion» байқауының үшінші күні
«Этноfashion» байқауының екінші кезеңі
Кез келген халық үшін ұлттық киім – бұл оның өзіндік ерекшеліктерінің, мәдениеті мен дәстүрлерінің көрінісі. Бұл жолы олардың сұлулығы мен бірегейлігін көрсетуге Степногорск қ., Атбасар, Зеренді, Сандықтау аудандарының командалары ерік білдірді.
«Қоғамдық келісім» КММ өткен «Этноfashion» байқауының екінші кезеңі ұлттық киімдердің жарқын түстерімен, ерекше көрсетілімімен, қатысушылардың әртістігімен таң қалдырды.
Ұлттық киім үлгісінің көрсетілімі
Тарих тағылымдары және қазіргі заман
А. ж. 17 наурызында облыстық өлкетану мұражайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің, оқушы және студент жастардың қатысуымен «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны аша отырып «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары К.Ә. Уразбаева ел азаматтары тарих тағылымдарын ұмытпай, оларды әрдайым есте сақтаулары тиіс екенін ерекше атап өтті. Тарихты білу әркімге қазақстандық қоғамдағы жалпыұлттық татулық пен бірлікті сақтау мен нығайтуға өз үлесін қосуға көмектеседі.
Кең ауқымды Масленица
Уақыт, әрине, өз заңдылықтарын жүктегенмен, өмір өз арнасымен ағып, түрлі мерекеге де уақыт табылуда. Осылайша, бүгін «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ «Русская песня» халықтық ансамблі ең көңілді және көптен күткен мерекелердің бірі Масленицаны – атап өту үшін Достық үйінде жиналды.
Масленица - бұл қысқы суық ауа-райының ұзақ кезеңінен кейін көктемнің басталуын күтіп, қысты шығарып салуға байланысты дәстүрлі мереке. Әдетте бұл әндер айтылып, билер биленетін, ойындар ойналатын және толтырылған Масленицаның қарақшысын өрттеумен тойланатын жаппай халықтық мереке.
Қазақ халқының «Көрісу» салты
14 наурыз – қазақ халқы үшін ерекше күн. Бұл күні олар көктемгі жаңарудың, махаббат салтанатының, құнарлылық пен достықтың, үлкендерге деген құрметтің, жақындарына деген қамқорлықтың символы болып табылатын өздерінің ежелгі салты – Көрісу күнін атап өтеді. Қазақ тілінен сөзбе-сөз аударғанда Көрісу «дидарласу» немесе «кездесу» дегенді білдіреді. Бұл күні адамдар әдеттегідей бір-біріне қонаққа барып, көктемнің қайта келуімен құттықтайды.