Мерейтой иелерін құттықтау

19 маусым күні Достық үйінде Ақмола облысы ҚХА  мүшесі Марат Қадырұлы Сырлыбаев және облыстық Ассамблея жанындағы журналистер клубының мүшесі Байқал Қайроллаұлы Баядилов 60 жасқа толуына байланысты салтанатты отырыс өтті.

Толығырақ

Балалар лагеріндегі кездесу

А. ж. 9 маусымында балаларға жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын, «Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» және «Бірлігіміз әралуандықта» қағидаттарын іске асыру шеңберінде үйлесімді этносаралық қатынастарды жеткізу мақсатында Зеренді ауданынындағы «Сұңқар» балалар сауықтыру лагеріне Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы және «Аманат» партиясының өкілдерінен құралған ақпараттық-түсіндіру тобы барды.

Толығырақ

Медиацияны дамыту туралы әңгіме

Ағымдағы жылдың 8 маусымында «Қоғамдық келісім» КММ-де «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ұйымдастыруымен «Қазақстанда медиацияны дамыту» тақырыбындағы конференция өтті. Оған Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің мүшелері, мектеп директорларының орынбасарлары, психологтар, кәсіби медиаторлар, судьялар корпусы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Толығырақ

Ассамблеяның экологиялық акциясы

А. ж. 2 маусымы жарқын да шуақты күн болды. Таңертең облыстық Достық Үйінің жанында жиналған адамдар Ақмола КХА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қолдан жасалған көрмені тамашалады.Ұлттық аспаптар орындауында мерекелік күй шырқалады. Скверде этномәдени бірлестіктердің басшыларын, «Ассамблея жастары» бірлестігінің, мемлекеттік органдарының өкілдерін қазақтың «Шашу» дәстүрі бойынша ұлттық киімдегі әйелдер қарсы алды.

Толығырақ

Балалар мерекесі

1 маусымда Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Мереке балалардың алдында тұрған мәселелерге адамдардың назарын аударады. Бұл күні мүмкіндігі шектеулі балалар үшін олардың ата-аналарына облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен Көкшетау қаласының әлеуметтік, арнаулы қызметтер көрсету орталығының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Толығырақ

Дойбышы аналар, жанкүйер балалар

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында «Балалық шақ әлемі қандай керемет!» республикалық флешмоб аясында Көкшетау қаласының Аналар үйінде логиканы, зейінді және ойлауды дамытатын дойбы ойыны бойынша жарыстар өтті.

Толығырақ

Оқушыларға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары туралы

29 мамыр күні  Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Көкшетау қаласындағы мектеп оқушыларына саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

Толығырақ

1 28 29 30 31 32 92