«Зорлық зомбылық – қоғам қасіреті»

Бүгін Зеренді ауданында аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Г.А.Ибраеваның және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «16 күн зорлық зомбылықсыз» акциясы аясында «Зорлық зомбылық – қоғам қасіреті» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚХАА Аналар кеңесінің төрайымы А.Қ. Жахина және Аналар кеңесінің мүшелері, «Ана үйі» ҚҚ үйлестірушісі Қ. Жұмабекова, «Сенімен болашақ» РҚБ Ақмола филиалының жетекшісі А. Нұрмағанбетова және аудандық Полиция, «Отбасын қолдау орталығының» қызметкерлері, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғалар қатысты.
Іс-шарада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін шешуде қоғамның бірлескен күш-жігерінің маңыздылығы атап өтілді және ортаға салған талқылаулар мен ұсыныстар зорлық-зомбылықтың алдын алу және тоқтату бойынша нақты қадамдарды әзірлеуге негіз болды.