Достық үйінде «Жомарт жан» орталығы жұмыс істейді

Достық үйі ғимаратында «Жомарт жан» орталығы жұмыс істейді, онда ҚХАА мүшелерінен, өңіріміздің ұйымдары және тұрғындарынан көмек жиналады, бұл көмек су тасқынынан зардап шеккендерге арналған.
2024 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Жүректен жүрекке» акциясы бастау алған болатын.
Бүгін осы акция аясында су тасқынынан зардап шеккен Атбасар ауданының тұрғындарына азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, гигиена заттары және жылы киім түрінде 800 мың теңге сомасына гуманитарлық көмек жүктері жөнелтілді.