Атлас лентасымен кесте тігу
Достық үйінде Есетова Галина Аскеровнаның жетекшілігімен Ақмола ассамблеясы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен «Атлас лентасымен кесте тігу» тақырыбында кезекті шеберлік сағаты өтті.
Әдемі атлас ленталар әйелдер киімінде және күнделікті өмірде бұрыннан бар: олар шаш үлгісін безендіру, перделерді жақтау және сыйлықтарды байлау үшін қолданылған. Бірақ жақында пайда болған қолөнердің жаңа түрі – лентамен кестелеу.
Көбінесе кестенің осы түріне гүл өрнектері таңдалады. Ерекше әдемі композициялармен сәнді көйлектерді, талғампаз сөмкелерді, диван жастықтарын және т.б.безендірген.