«Новопэк» ұжымындағы Наурыз мерекесі өтті
«Новопэк» серіктестігінде Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында қызметкерлер арасында мәдени іс-шара өтті.
Ұлық мерекеге орай ұлттық киім киген еңбеккерлер ұлттық ойындардан сайысқа түсіп, салт-дәстүрімізді жас ұрпаққа үлгі етті. Аталған мереке облыстық мәслихат депутаты Умар Шоназаров бастаған Ақмола ассамблеясының «Санги Кабуд» тәжік этномәдени орталығының өкілдерінің тікелей қатысуымен ұйымдастырылды.
Бірлігі жарасқан тұрлі этнос өкілдерінен құралған еңбек ұжымына Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орнын, ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттай отырып, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді.