Татар-башқұрт бірлестігінің «Галиябану» халық ансамблінің қатысушысы Хурия Фатхиева 75 жаста!
Бүгін Достық үйінде Ақмола ҚХА жанындағы татар-башқұрт бірлестігінің «Галиябану» халық ансамблінің қатысушысы Хурия Фатхиеваны 75 жылдық туған күн мерекесімен құттықтау салтанаты өтті.
Мерейтой иесі Хурия Тимергазиқызына «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысының орынбасары Айгүл Нұрмағанова жылы лебізін білдіріп, облыс әкімі орынбасары және мекеме басшысының құттықтау хаттарын тапсырды.