Достық үйінде ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Д.С. Тангиевпен кездесу өтті
Бүгін ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Д.С. Тангиевпен кездесу өтті. Оған Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – ҚХАА хатшылығының меңгерушісі С.М. Кенжебаев, облысымыздың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Ж.О. Айдрахманов, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Г.В. Осиненко, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.Б. Нұрмағанова және бөлім басшысы Ә.Қ. Раев қатысқан.
Кездесу барысында Д.Тангиев ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының республикалық және өңірлік деңгейдегі қызметіне, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына туралы айтып берді.
С. Кенжебаев ұсынылған бастамаларды қолдап, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығын дамыту бойынша өзінің сындарлы ұсыныстарын енгізді.
Ж.Айдрахманов Ақмола облысындағы кәсіпкерлік саласындағы жағдайы, кәсіпкерлікті қолдаудың іске асырылып жатқан шаралары туралы айтып, ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Бұдан әрі, Ә. Раев жиналғандарды «Қоғамдық келісім» КММ мен ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының бірлескен жұмысы туралы хабарлады.
Іс-шара соңында жиналғандар бір-біріне өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту және ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының рөлін күшейту бойынша бірлескен қызметте табыс тіледі.