Қайрат Баймульдинов Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті
Достық үйінде ашық диалог форматында ҚР Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті.
Кездесу басында Қайрат Дүйсембайұлы Хатшылықтың алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы, атап айтқанда, жастарды Ассамблея қатарына тарту жөніндегі жұмысты күшейту, ақпараттық жұмыс, этномәдени бірлестіктерді қаржыландыру мәселелерін шешу және Ассамблеяның жұмысымен өңірлік деңгейде танысу мақсаты туралы айтты.
Пікір алмасуға белсенді қатысқан ЭМБ және құрылымдардың басшылары балабақшалар мен білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді үйрену , әлеуметтік желілердегі жұмыс туралы, бірлескен іс-шаралар өткізу, жастардың кәсіби бағдарлануы, «мектеп Ассамблеясы» қозғалысын жандандыру туралы ұсыныстар айтты.