Шағалалыдағы кездесу
Ақмола ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобы Шағалалы жоғары агротехникалық колледж оқушыларымен кездесу өткізді.
Шара басында сепаратизмнің көріністері және осы таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік туралы тақырыптағы бейнеролик көрсетілді.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.Б. Нұрмағанова қатысушыларды мекеменің этномәдени бірлестіктермен, ҚХАА қоғамдық құрылымдарымен өзара іс-қимылы және «жобалық кеңсе» ретінде қызметімен таныстырды. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде сепаратизмге шақыру, ксенофобия және т.б. деструктивті көріністерге жүргізілген мониторинг туралы айтып, жастарды осындай арандатушылықтардан сақ болуға шақырды.
«Вайнах» шешен-ингуш орталығының төрағасы Г.И. Яндиев 30-шы жылдары Кавказ халықтарының депортациялануы және қазақ халқының қоныс аударушыларға қолдауы мен көмегі туралы әңгімемен бөлісті және жастарды біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда жалпыұлттық бірлікті нығайтуға шақырды.
Облыстық «Қазақ тілі» коғамының төрағасы, спорт ардагері Марат Қойшин жастарды қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға және салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылдануға шақырды.
Кәсіби медиатор Ж.Д. Нұржанова этносаралық саладағы Медиацияны дамыту, Достық үйіндегі медиация кабинеттерін этносаралық саладағы медиация орталықтарына айналдыру туралы айтып берді.
Кездесу соңында іс-шараға қатысушыларға этносаралық қатынастар тақырыбы бойынша әдістемелік материалдар таратылды.