Ассамблеяның жас мүшелерімен кездесу

29 қаңтар күні Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі С. Кенжебаев Ақмола ҚХА-ның құрамына жаңадан қосылған жас мүшелерімен кездесті.
Ағымдағы жылы Ақмола ҚХА және Ақмола облысынан республикалық ҚХА өкілдері құрамы жаңартылған болатын, бүгінде өңірлік ҚХА құрамының 17% «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің жастары құрайды. Ақмола облысынан республикалық ҚХА құрамына «Street Workout» бойынша Ақмола облысы қозғалысының көшбасшысы Ибрагимов Имран Умман оглы және «Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК хирургия бөлімшесінің уролог дәрігері Гагиев Валерий Валериевич кірді.
Бүгінгі іс-шараның мақсаты – жаңадан қосылған жас мүшелерді алдағы жұмыстармен таныстыру және облыстың белсенді жастарымен тығыз байланыс орнату. Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу алдында жас мүшелер Достық үйінде орналасқан этномәдени орталықтардың кабинеттерін аралап көрді.
Аталған шараға Ақмола ҚХА-ның 20 мүшесі, Степногорск қ., Бурабай және Зеренді аудандарының өкілдері онлайн форматта қатысты.