Жаңа жылдық мюзикл

Жаңа жыл қарсаңында Достық Үйінде «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола филиалы жанындағы «Синегорье» вокалдық тобы көрермендерге мюзикл жанрында жаңа концерттік бағдарлама ұсынды.
Қойылым алдында көрермендер мен әртістерді облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Сабирова және қауымдастықтың облыстық филиалының төрағасы Геннадий Осиненко құттықтады.
Музыкалық спектакльде әр әннің алдында театрландырылған қойылым ұсынылды және бұл жаңаша әрі қызықты болды.
Ұжым үнемі жаңа солистермен толықтырылып отырады. Мұнда ән айтуды ұнататындар және әнмен достасатындар келеді.
Жаңадан келгендер арасында Любовь Черкашина, Игорь Кутенков, Нұржан Есімов, Дмитрий Майер және басқалар бар.
Кеш бойы әуесқой әртістердің орындауында махаббат, қыс және жаңа жыл туралы әндер шырқалды. Зал таныс әуендер мен әндерді бірге шырқады.
Мереке қонақтары ретінде көрермендер алдында «Хуторок» казак ансамблі өнер көрсетті.
Екі сағаттық концерт тез және байқалмай өтті, көрермендер өздерінің сүйікті әртістерін гүлдермен сыйлау арқылы қолдап, қошемет көрсетті.