Жерлестеріміз «Қазмедиа» орталығында
Бүгін Астана қаласында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды кезеңі өткізіледі.
Аталған жоба өскелең ұрпақты, оның ішінде этнос өкілдерінің жас жеткіншектерін, мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру арқылы олардың арасында қазақстандық бірегейлікті дамытуға бағытталған.
Біздің облысымыздан аталған жиынға қатысушылар «Қазмедиа» орталығындағы республикалық телеарналарда өткен таңғы хабарларға қатысты. Атбасар қаласынан барған ақын қызымыз Азат Альбина «Хабар» телеарнасында «Оян» бағдарламасына қазақ тілінде сұхбат беріп, ал ақкөлдік домбырашымыз Скорик Милана «Қазақстан» телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасына қатысып, Құрманғазының «Балбрауын» күйін нақышына келтіріп орындап , көрермендердің көзайымы болды.
Түстен кейін Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтетін қорытынды кезеңде жерлестерімізге сәттілік тілейміз.