Медиация уақыт талабында

Осы жылдың 2 тамызы «Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кабинетінің Ашық есік күні» республикалық акциясы аясында ішкі саясат басқармасына жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де дөңгелек үстел өтті.

Оның жұмысына ҚХАА Хатшылығының меңгерушісі Кенжебаев С.М., Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Тәженова Д.К., мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары Оспанова Д.К., Нұрманова Г.А., этномәдени бірлестіктердің, ҚХАА қоғамдық құрылымдарының басшылары, облыстық медиация кеңесінің мүшелері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.

Модератор Сабырхан Кенжебаев өзінің кіріспе сөзінде бүгінгі дөңгелек үстел жұмысы қоғамдық келісімді қамтамасыз етумен, қоғамдағы тараптар арасындағы жанжал деңгейін төмендетумен байланысты ҚХАА қоғамдық құрылымдары мен мүдделі уәкілетті тұлғалардың басын қосқанын атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар дауласушы тараптар арасындағы дауларды сотқа дейін шешудегі медиацияның рөлі, этникалық медиацияны дамыту мәселелерін талқылады.

Баяндамашылар – судьялар, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері бірауыздан медиация дауды үшінші, бейтарап тараптың қатысуымен шешудің баламалы түрі ретінде қоғам тарапынан сұранысқа ие болып отырғанын айтты.

Соңғы жылдары медиацияның танымалдылығы артты. Жаңа түрлері пайда болуда. Мектеп медиациясы дамыды. Дәстүр мен тарихи мұраны ескере отырып, этномедиация жұмыс істейді.

Алайда, облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев, ҚХАА жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Маржан Мырзаханова жұмыста практикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін медиацияны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде дамыту қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ талқылау барысында спикерлер сотқа дейінгі даулар мен жанжалдарды шешуде медиацияның артықшылықтары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды. Осы мақсатта медиация туралы әлеуметтік роликтерді көбірек шығару, тұрғындармен кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру қажет.

Диалог алаңына қатысушылар атап өткендей, медиация дау-дамайдан айырмашылығы жанжалды жылдам, өзара тиімді шешуге және жанжалдасушы тараптарды татуластыруға мүмкіндік береді.