Ғылыми-сараптамалық тобының отырысы
29 мамырда Достық үйінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті.
Отырыс барысында Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 сәуірде Астана қаласында өткен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» күн тәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII пленарлық отырысында сөйлеген сөзінің негізгі тезистері талқыланды.
Сондай-ақ, ҒСТ отырысы барысында 2023 жылға арналған ҒСТ жұмыс жоспарын тиісті іс-шаралармен толықтыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.