14-15 сәуірде Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалінің финалы мен гала-концерті өтті. Ақмола облысынан «Халық әні» номинациясы бойынша ҚХАА жанындаңы «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ мүшесі Эвелина Титова «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» және «Реченька» әндерімен қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша Эвелина Титова «Халық әні» номинациясында 1-орынға ие болып, 1-і дәрежелі дипломмен және 400 мың теңге сомасында ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жас дарын Эвелина Титоваға сәттілік тілейміз!