«Широкая Масленица» мерекелік іс-шара
2 наурыз күні «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратының алдындағы алаңда «Широкая Масленица» мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекені Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы мен Көкшетау қалалық әкімдігінің қолдауымен «Ақмола облысының орыс қауымдастығы», «Чуваш этномәдени орталығы» және «Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының» Ақмола облыстық филиалы» этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды. Іс-шараға еріктілер ретінде «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері және Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері қатысты.
Масленица мерекесі қыстың соңы мен көктемнің басталуын білдіреді, ол жерге жаңару мен үміт сыйлайды, бұл мерекені «Наурыз мейрамымен» жақындастырады.
Көрермендер алдында Ақмола ҚХА хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Мейрханұлы Кенжебаев, сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің төрағалары Александр Александрович Артеменко мен Геннадий Вениаминович Осиненко құттықтау сөз сөйледі.
Жиналған көрермендерді өз шығармашылығымен қуантты: «Русская песня» халық ансамблі, ансамбль жетекшісі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Зоя Авилова; «Көкшетау» мәдениет сарайының ардагерлер хоры; Ақмола облысы татарлар мен башқұрттар қоғамдық бірлестігінің «Ғалиябану» халық ансамблі; «Таволга» Фольк-шоу тобы; «Достар» дуэті және басқалары.
Концерттен басқа, мерекеде жәрмеңке ұйымдастырылды, онда қолдан жасалған бұйымдар мен мерекелік тағамдар ұсынылды. Алаңда «Масленица» фигурасы орнатылды.
Іс-шара қонақтары спорттық ойындар мен арқан тарту, армреслинг сияқты жарыстарға белсенді қатысты. Байқау жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды.
Өзара түсіністік пен бірлік біздің ортақ мақсатымыз болып қала береді, ал достық пен құрмет – біздің барлық қарым-қатынастарымыздың негізі болып табылады!