Православиелік шіркеу құрылысын қолдауға арналған майсыз тағамдар фестивалі өтті!
Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ұлттық аспаздар ассоциациясы», «Чуваш этномәдени орталығы», «Ақмола облысының Ресей қоғамы», «Бари» армян этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктері алғаш рет ұйымдастырған майсыз тағамдар фестивалі Көкшетау қаласындағы Достық үйінің қабырғасында көптеген қонақтарды, жастарды этномәдени бірлестіктердің өкілдерін бір шаңыраққа жинады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – православиелік ораза кезеңінде майсыз тағамдарды дәріптеу және Көкшетау қаласы Достық үйінің жанында салынып жатқан шіркеуге қолдау көрсету үшін қаражат жинау болды.
«Майсыз тағамдар» фестивалі – славян халықтарының мәдениетімен, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерімен танысудың тағы бір керемет мүмкіндігі. Православиелік ораза кезінде адамның ең жақсы рухани қасиеттері, жақындарына деген сүйіспеншілігі, ізгілікке және кешірімге деген сенімі қайта жанданады. Фестиваль аясында православиелік шіркеу құрылысына қаражат жинау үшін қайырымдылық акция өткізілді. «Мен облыстың барлық тұрғындарын іс-шараға белсенді қатысуға шақырамын!» – деп аталған кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева хабарлады.
«Біз бұл фестивальді шіркеудің құрылысына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырдық. «Егер үлгі келтіргің келсе – өзіңнен баста!» деп бекер айтылмаған. Бүгін Ассамблеямен бірлесіп бір шаңырақ астында тұратын этникалық топтар арасындағы достығымызды көрсетіп отырмыз. Майсыз тағамдар да өте дәмді, әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, ал ең бастысы – ораза кезінде адамдар тамақ дайындауға ерекше сүйіспеншілік танытады, өздерінің салт дәстүріне деген шыншылдығы мен адалдықтарын көрсетеді», – дейді «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Той Дастархан» ЖШС директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Елена Мащинская.
Константин ата барлық қатысушыларды майсыз фестиваль мерекесімен құттықтап, мереке басталардан бұрын дұға оқыды. «Ораза жақындаған уақытта адам өзінің ішкі әлеміне, іс-әрекеттеріне қатаң бақылау жасауы керек. Елу күн бойы ораза ұстау адамдарға жан дүниесін тазарту үшін қажет» – деп христиан өмірінің тәжірибесімен бөлісті.
Зоя Авилованың басшылығымен «Русская песня» ансамблінің әншілері көрермендерге ұмытылмас мерекелік атмосфера құрды.
Фестивальге Көкшетау қаласының №1 Құрылыс-техникалық колледжі, «Той Дастархан» ЖШС, «Кунавин» ЖК («Пирамида» кафесі), «Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің» өкілдері қатысқан.
Бахыт Мұхамедрахимова-Тасова, Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы
ҚХАА баспасөз қызметінің суреті