Пайдалы семинар

 Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Көкшетау қаласының IT-лицейінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесі, “Қоғамдық келісім” КММ және Көкшетау қаласының әкімдігі ұйымдастырған “Әкелер мен аналар” тақырыбында семинар өтті.

    Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, отбасы, балаларды тәрбиелеу мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ ата-аналар қатысты.

    Семинарға қатысушы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Азамат Ысқақов балаларды тәрбиелеу үшін жауапкершілікті  мектепке ғана жүктеп қоймай, белсенді тұлғаны қалыптастыруға ата-аналардың өздері, мүдделі үкіметтік емес ұйымдар білім беру мекемелерімен, бала құқықтары жөніндегі уәкілетті органдармен тығыз жұмыс жасауға тиіс екенін атап өтті.

     Облыстық Аналар кеңесінің семинарында Ақмола облысының әкелер кеңесі, “Асыл аналар”, “Сенімен болашақ” ҚБ, “Ана үйі” қоғамдық қоры, психологтар, медиаторлар, ата-аналар комитеттері, отбасылық клубтар қоғамдық ұйымдары баяндама жасады.

     Қоғамдық бірлестіктерден, өңірлік аналар кеңестерінен, ата-аналар комитеттерінен, отбасылық клубтардан сөз сөйлеген спикерлер, сарапшылар балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен, ата-аналар комитетінің мектеппен өзара іс-қимылы, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді дамыту, мектеп жанжалдарын шешу және алдын алу әдістерімен бөлісті.

     Семинар модераторы, ҚХАА Аналар кеңесінің төрайымы Айнагүл Жазиева облыстық ассамблеяның «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында жүргілген іс-шаралар туралы айтып берді.

 Облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Еран Закриянов өз сөзінде әкелік тәрбиенің құпияларымен бөлісті.

Жалпы, семинарда ата-аналардың отбасы институтын нығайтуға, мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығын дамытуға бағытталған пайдалы кеңестер айтылып, семинар мазмұнды өтті.

      Іс-шара соңында облыстық аналар мен әкелер кеңесінің, Көкшетау қаласының қыздар клубының белсенді мүшелері “Қоғамдық келісім”КММ алғыс хаттарымен марапатталды