«Мен Қазақстандықпын» байқауы
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеяларын дамыту Тұжырымдамасына сәйкес «Мен Қазақстандықпын» эссе және әлеуметтік роликтер байқауының қорытындысы өткізілді.
Байқаудың мақсаты жас ұрпақ арасында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту, сондай-ақ шығармашылық жастардың қарым-қатынасы мен бірлестігін ұйымдастыру болып табылады.
Құрамына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық топтың өкілдері кірген Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі қатысушылардың жұмыстары үздік деп танылды:
эссе номинациясында –
бірінші орын, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті. Қожағалиев Қажымұқан Талғатұлы;
екінші орын, №11 Орта мектеп-гимназиясының оқушысы Талайко Богдан Дмитриевич;
үшінші орын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті. Козлов Геннадий Владимирович.
әлеуметтік ролик номинациясында –
бірінші орын, № 22 Жалпы білім беретін мектептің оқушылары Есләмбек Жанерке Алмасқызы, Серік Мадина Медетқызы, Бегзан Мейірім Алмасбегқызы, Қаржау Хақназар Ғиұлы;
екінші орын, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті. Понаморев Михаил Витальевич;
үшінші орын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті. Светличная Кристина Витальевна.
Байқаудың барлық қатысушылары қатысқаны үшін дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Бұдан әрі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық топтың қорытынды отырысы өтті, оның барысында ағымдағы жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.