Болашақ IT мамандарымен кездесу

     Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында “Отаным-тағдырым” жобасын іске асыру аясында “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлерінің Көкшетау қаласының IT мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесуі өтті.  

     Оқушыларға облыстық Достық үйі туралы бейнефильм көрсетілді.

Достық үйі ресурстық орталық ретінде этномәдени бірлестіктерге ана тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау мен дамытуда әдістемелік, консультациялық көмек көрсетуге арналған.

     Содан кейін “Қоғамдық келісім” КММ ҚХАА құрылымдарымен жұмыс және жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы Әсел Сванқұлова облыстық ассамблея қызметінің негізгі бағыттары, этносаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастыруға бағытталған Ассамблеяның жобалары туралы айтып берді.

    Дауларды шешу және білім беру процесіне қатысушылар арасындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу үшін мектеп медиациясын қолдану туралы Достық үйінің сарапшысы Айман Мусина сөз сөйледі. Ол балаларды онымен бірге рөлдік ойынға қатысуға шақырды, онда тараптар жанжалға қатысушылар рөлінде сөз сөйледі.

     Жас маман Айғаным Асқарова Ақмола облысы бойынша “Жастар Ассамблеясы” өкілдігі қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, оқушыларды оның қатарына қосылуға шақырды.

Кездесу соңында балаларға ҚХАА жастар бірлестігінің қызметі, даулар мен жанжалдарды шешуде медиацияны қолдану туралы буклеттер таратылды.