Жүректің бір бөлшегін сыйлау…

«Ақмола облысының орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жыл сайынғы мейірімді дәстүрі – Жаңа жылдың қарсаңында облыстық балалар емханасының кішкентай науқастарын құттықтау осы жылы да Көкшетау қаласының емханасында жалғасты.

2016 жылдың 31-ші желтоқсаны бақытты балалар, олардың ішінде ата-аналарымен келген бүлдіршіндер Аяз Ата мен Ақшақардың қолынан тәтті сыйлықтарға ие болды, өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерімен шыршаны айналып, өлеңдер мен тақпақтар айтып, көңіл көтерді.

«Өткен жылдың жаңа жылдық мерекесінде Ақмола облысының балалар емханасы бөлімдерінде 120 бала ем қабылдайтын. Олардың еш біреуі де назардан тыс қалған жоқ, барлығы бізден сыйлық алды»,- деп «Ақмола облысының орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко қуанышпен айтып өтті.

Аяз атаның рөлі Александр Александрович үшін қалыпты нәрсе: өзінің сүйікті Аяз атасының жаңа жылдық киімін кие отыра, ол тәтті сыйлықтар ғана таратып қоймай, сонымен қатар балалар ауруханасының кішкентай науқастарына медициналық көмек көрсету үшін өзінің мейірімді жүрегінің бір бөлшегін сыйға тартқанды жақсы көреді.

Бақыт Мұхамедрахимова-Тасова,

Ақмола облысы әкімінің

аппараты жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз хатшысы