Жеңіс бәріне бір!

Көкшетау қаласына «Жеңіс бәріне бір» атты халықаралық медиаэкспедицияның қатысушылары келіп кетті. Экспедицияның қатысушылары сирек ұшырасатын ГАЗ М-20 «Жеңіс» («Победа») автомобилінде жүріп барады. Көкшетаудың жастары, эскпедицияның мүшелері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл қойды.

Делегацияның жетекшісі Николай Заболотнев биыл медиаэскпедиция Ресей Федерациясының Түмен, Қорған облысының, Югра қалаларын, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанды басып өтетінін айтып берді. Сапардың барлық бағыты 40-тан астам қала мен қонысты қамтымақ.

Содан кейін қоғамдық келісім сарайында жарқын да жылы жүзді кездесу болды. Оны ашқан ҚХ Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов эскпедицияны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, осындай іс-шаралар барша ұрпақ пен елдің өкілдерін біріктіре түсетінін айтып берді. Ринат Фаатұлы қонақтарды Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің қызметімен таныстырды. Дөңгелек үстел басында «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов Ұлы Жеңіске Ақмола облысының тұрғындары қосқан үлес жайына тоқталып, тек біздің қаламыздан оның әрбір төртінші тұрғыны соғысқа шақырылғанын айтып өтті.

Ақмола облысының орыс қауымының төрағасы Александр Артеменко қала соғыс майданынан алыста болғанымен, Көкшетау жауды жеңудегі ортақ істе баға жетпес үлес қосқанын айтты. Әрбір төртінші қалалық тұрғын майданға аттанып, көкшетаулықтың көбісі генерал-майор И.Панфилов басқарған даңқы шыққан 316-шы атқыштар дивизиясы, 150-ші Ириц-Берді, 314-ші Кингисепп атқыштар, 27-ші гвардиялық дивизиясы құрамында соғысқан. 1941 жылдың күзінде Көкшетауға Подоль тұрмыстық тігін машина зауыты, Орджоникидзе қаласынан екі фабрика, әскери госпитальдар көшірілді. Тыл еңбеккері Күләш Темірбаева да өзінің естеліктерімен бөлісті. Жастар тарапынан «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының жастар қанатының төрағасы Аян Хафиз сөз алды.

«Жеңіс бәріне бір» атты медиаэкспедициясы ГАЗ М-20 «Жеңіс» («Победа») автомобилінде алғаш рет 2012 жылы басталды. Бірнеше жыл ішінде бұл жайында біраз мемлекет білді. Жыл өткен сайын осы жобаға деген қызығушылық артып барады. Өйткені сол қайғылы жылдар туралы естелік жас буынның жүрегінде болуы тиіс.