Жемқорлықпен күресу

Жемқорлық сөзінің анықтамасы ежелгі рим құқығында сот тәжірибесіндегі құқыққа қарсы әрекеттерді, зақымдау, сындыру, бұзу, сатып алу сияқты әрекеттерді білдірді. Жемқорлықтың нысаны ретінде заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар бола алды. Қызметтік жағдайды жеке мақсаттарда пайдалану формасы алуан түрлі болғандықтан, түрлі санаттар бойынша жемқорлықтың түрлі түрлерін бөліп қарастырады.

1) Қызметтік жағдайды жеке мақсаттарда пайдаланатын субъектіге тәуелді түрде:

– мемлекеттік жемқорлық (мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлығы);

– коммерциялық жемқорлық (фирмалардың менеджерлерінің жемқорлығы);

– саяси жемқорлық (саяси қайраткерлердің жемқорлығы).

2) Үлкен жемқорлық қатынастарының бастамашысы ретіндегі жемқорлық субъектісіне тәуелді түрде:

– лауазымдық тұлғаның бастамасымен пара сұрау (мәжбүрлеп төлету);

– сұраушының бастамасымен сатып алу.

3) Пара беруші болып табылатын жемқорлық субъектісіне тәуелді түрде:

– жеке пара (азамат тарапынан);

– кәсіпкерлік жемқорлық (заңды фирма тарапынан);

– қылмыстық сатып алу (қылмыстық кәсіпкерлер тарапынан – мысалы есіртік мафиясы тарапынан).

4) пара алушының жемқорлықтан алатын тиімділігінің формасына тәуелді түрде:

– ақшалай пара

– қызмет алмасу (патронаж, непотизм) және т.б.

Қазақстандағы жемқорлық елдің экономикалық және саяси дамуы үшін айтарлықтай үлкен мәселені құрайды.

2004 жылы Қазақстанға 146 мемлекеттің ішінде жемқорлық дәрежесі бойынша 122 орынды берді. Қазақстанның жалпы ұпайы 10 ішінде 2,2 құрайды (оған қоса 3-тен төмен ұпай «тоқтаусыз жемқорлықты» білдіреді).

Президент Назарбаев жемқорлыққа қарсы «қасиетті соғыс» жариялап, мемлекет пен қоғамның барлық деңгейлерінде жемқорлықпен күресу үшін «жемқорлыққа қарсы 10 шара» қабылдауға бұйрық берді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан жемқорлықты қабылдау дәрежесі бойынша әлемнің 175 мемлекеті ішінде 126-шы орынды алып отыр және осының өзі зор көрсеткіш.