«Видергебурт» ақмолыктарға көмек көрсетуде

«Ақмола облыстық «Видергебурт» немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі қызметін «Возрождение» республикалық қоры бөлетін грантты жыл сайын жүзеге асырады.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі Корнеева Светлана Георгиевна басқаратын этномәдени бірлестіктің немістердің тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік, білім беру және мәдени жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Қазіргі уақытта бөлінген грант аясында этномәдени бірлестік 10 жобаны жүзеге асырады, оның ішінде балаларға неміс тілін үйрету, «Неміс тілі мұғалімі» мамандығы бойынша студенттерді оқыту, «Вундеркинд» мектепке дейінгі білім беру орталығының қызметі, этнос дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, жастар қозғалысын дамыту бағыттары бар. Білім беру, мәдени жобалармен неміс ұлтының тұлғалары ғана емес, басқа да этностар өкілдері қамтылған. Барлығы 3500-ден астам адам.

Онда аз қамтамасыз етілген азаматтарға медициналық, психологиялық көмек көрсетуге, жалғыз басты қарт адамдарды қолдауға, оларға дәрі-дәрмек алуға, мұқтаждарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге, еңбеккерлерге көмек көрсетуге бағытталған «Мұқтаж азаматтарды әлеуметтік-гуманитарлық қолдау» жобасы маңызды орын алады.

Елімізде кароновирустық инфекция пандемиясы қаупіне байланысты төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты облыстық қоғамдық бірлестік халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, мүгедектерге, қарт азаматтарға, созылмалы аурулары бар адамдарға көмек көрсету қызметін жандандырды. 30 наурыздағы жағдай ойынша осы санаттағы адамдарға СOVID-19 жеке қорғану құралдары бар 20 медициналық пакет таратылды.

Өздерінің барлық іс-шараларын облыстық «Видергебурт» қоғамдық бірлестігі «Біз біргеміз» ұранымен жүзеге асыруда.