Туған күніңмен 5510 ә/б!

20 қараша күні  Ұлттық гвардияның «Орталық» өңірлік басқармасы 5510 әскери бөлімі өзінің 23 жылдығын атап өтті. Әскери бөлімнің салтанат залында бұл күні офицерлер, келісімшарт негізіндегі әскери қызметкерлер, шақырылған қонақтар, сонымен қатар әскери бөлімнің құрылуына қатысқан бөлім ардагерлері жиналды. Олардың әрқайсысы өздерін ортақ мерекеге қатысты екендерін сезінді.

Әрине, шара барысындағы ең басты сөз бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Асылхан Ишниязовқа берілді. Ол салтанатты іс-шараға жиналған қауымды, осы мерекелік күнмен құттықтап, бөлімнің жеке құрамы тәртіп сақтау ісіндегі алға қойылған барлық міндеттерді абыроймен атқарып жатқандығын атап өтті. Ең үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.

Бөлім ардагері, запастағы подполковник Сергей Михайлов әскер бөлімшесінің қалай құрылғаны туралы, оның даңқты тарихы 1995 жылы қалай басталғаны туралы әңгімелеп берді.

Әскери бөлімше көп жылдан бері Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясымен тығыз қарым-қарым қатынас жасайды. Тіпті мерекелерді бірлесіп атап өту де – жақсы дәстүрге айналған. Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Манат Исмағұлов әскери қызметтері кезінде ерекше көзге түскен офицерлер мен сарбаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. ҚХАА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова өз сөзінде, әрбір сарбаздың артында, оған өмір сыйлап қана қоймай, оған бар жанын салған әйел адамның тұрғанын атап өтті. Осы ретте ол  әскери қызметтерін абыроймен атқарып жүрген сарбаздарды тәрбиелеген аналарына алғысын жеткізді, сарбаздардың да өздері оның назарынан тыс қалған жоқ.

Мерекелік іс-шара вокалды және би нөмірлері көрермен қауыммен жылы қабылданған концерттік бағдарламамен аяқталса, аға сержант Рүстем Сейтхановтың орындауындағы «Офицеры» әніне жиынға қатысушылар ерекше қошемет білдірді.

5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласындағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Сүйікті қала тұрғындарының ұйқысын күні-түні 5510 бөлімінің сарбаздары күзетеді. Біз өз тарапымыздан, оларға  мемлекетіміздің игілігін асқақтатуға бағытталған әскери және қызметтік жұмыстарында табыстар тілейміз!