Тоқыма біз және жіп иіру шеберлері

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы 2019 жылғы 21 маусымда «Қоғамдық келісім» КММ (Достық үйі) аумағында Бүкіләлемдік көпшілік алдында тоқу күні аясында «Сиқырлы орам» фестивалін өткізді.

Фестивальге Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімова, Ақмола облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Ю. Тохаева және Ақмола ассамблеясының сәндік қолданба өнерінің шеберлері қатысты.

Барша ниет білдірушіге үйрететін шеберлік сыныптары, тоқылған жұмыстардың көрме сатылымы өткізілді. Онда нағыз тоқылған жауһарларды сатып алуға болар еді.

Фестиваль бағдарламасында тоқылған қалпақтар шеруі, тоқылған киімдегі балалар дефилесі, тоқу бойынша флешмоб, көпшілік алдында жылдам тоқу болды. Фестиваль қонақтары үшін «Жаңғыру  жолы» жастар қозғалысының белсенділері концерттік бағдарлама дайындады.

Фестиваль соңында жабырқау көңіл-күймен ешкім қайтпады. Тамашалауға келгеннің бәрі тоқылған қуыршақтар, сөмке, киім, кәдесый сатып алды. Орам мен біз шеберлері облыстық ассамблея атынан дипломдармен марапатталып, әдемі сыйлықтар алды.