Тәуелсіздік күні

А. ж. 12 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шараға қатысушыларды Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Ю. Тохаева, «Видергебурт» Ақмола облыстық немістер қоғамы» ҚБ төрайымы С. Г. Корнеева, «Қазақстанның орыс, славян, казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Ақмола филиалының төрағасы Г. В. Осиненко, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м. а. К. Ә. Жұмаенова құттықтады.

Спикерлер өз сөздерінде Республиканың қалыптасу және даму тарихы елдің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті, соның арқасында қарқынды дамып келе жатқан мемлекетте, жаңа астана – Нұр-Сұлтан қаласы салынды, ал Қазақстан әлемдік қауымдастықтың алдында үлкен беделге ие болды.

Шара аясында Ел Тәуелсіздігінің құрдастарына құрмет көрсету, облыстық ассамблея белсенділерін «Қоғамдық келісім» КММ алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара этномәдени бірлестіктердің және «Қоғамдық келісім» КММ шығармашылық ұжымдары қатысқан мерекелік концертпен аяқталды.