Татар бірлестігіндегі Жаңа жылдық мереке

Биылғы жылдың соңғы күндері «Ақмола облысының татарлары мен башқұрттары» ҚБ Достық үйінде ҚХАА-ның қолдауымен «Шырша жанындағы би» жаңа жылдық мерекелік іс-шарасын өткізді.

Жалпы алғанда іс-шара өте қызықты өтті, балалар «Теремок» ертегісінің театрландырылған көрінісіне қатысып, шыршаны айнала ән салып, Аяз ата және Ақшақармен қосылып түрлі ойындар ойнады.

Шара барысында орын алған концерттік бағдарлама да көрермендерге көп қуаныш сыйлады. Концерттік бағдарламада көңілді әндер орындалып, жас өнерпаздар би флешмобын өткізіп, мерекеге арнайы дайындаған өлеңдерін оқыды.

Іс-шара соңында оның әрбір қатысушысы барша жиналғандарды Жаңа жылмен құттықтау мүмкіндігіне ие болды. Айтылған тілектер әртүрлі болғанымен, бастысы олардың баршасы шын көңілден жеткізілді!

«Ақмола облысының татарлары мен башқұрттары» ҚБ-не шығармашылық табыстар, сергек көңіл-күй және барша жақсылықты тілейміз!