Спорттық далалық жиындар

24 маусымда Ақмола облысының Бұланды ауданында «Дала аймағы қазақтарының одағы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің (ДАҚО ҚБ) ұйымдастыруымен далалық спорттық ойындар өткізілді. Спорт ойындарына Бұланды, Шортанды, Ақкөл аудандарының және Көкшетау қаласының өкілдері қатысты. Жарыстар келесі түрлерде өтті: балалар мен ересектер тобында арқан тарту, бөгеттерге қарсы тұрумен 1000 метрге жүгіру, спорттық эстафета, граната лақтыру, ән байқауы, кросс, екі жақ қапталдан қорғау бойынша көріністер.

Спорт жарыстарының жеңімпаздары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының және ОКСҚ Ақмолалық филиалының сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.