Сотталғандарға арналған концерт

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаудың аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының өкілдері және «Ақмола облысының орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігі жанындағы «Русская песня» ансамблінің қатысушылары Гранитный ауылының ЕЦ 166/25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы, жас мемлекеттің халықаралық саяси және экономикалық салада ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік салада қол жеткізген жетістіктері туралы сөз қозғаудан басталды. Әңгімелесудің барысында бейнефильмдер жүргізілді. Әрі қарай сотталғандарды Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихымен және қызметімен таныстырды.

Көркемдік жетекші Зоя Авилованың басшылығындағы «Русская песня» халықтық ансамблінің Қазақстан туралы өлеңі мерекенің ашылуына жанасты. Концерт бағдарламасына шамамен 30 нөмір кірді.

Адамның өмірдегі ең жақыны – анаға арналған өлеңдерге толы концерттік бағдарлама ешкімді немқұрайлы қалдырған жоқ. «Мама», «Ты прости меня, мама», «Песня о матери» сияқты әндердің орындалуы артық сөз қажет етпейді. Танымал әндер жиынтығының кәсіби деңгейде орындалуы кездесудің соңына ұласты.

Ұзақ уақыт бойы көрермендердің қолынан шапалақ түскен жоқ. Өз Мекеменің әкімшілігі мен сотталғандар әртістерге өздерінің алғыстарын білдіріп, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті.

Осындай іс-шараларды өткізу әрбір азаматтың отансүйгіштік, толеранттылық сезімдерін, өз Отанына деген құрмет пен ерекше қатынасын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Ақмола облысы әкімінің

аппараты жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі